Эпидахуалды бағалау матрицасы: Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 16 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше 15 ақпанда «қызыл» аймақта тұрған Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте