Қазақстанда перзентханада сәбилерге COVID-19-ға қарсы вакцина егіледі деген ақпарат- жалған

Әлеуметтік желілерде нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

«Біздің елімізде де, әлемде де жаңа туған нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан жоқ.

Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға ғана COVID-19-ға қарсы вакцина салынады. Рұқсат етілген вакцина – Pfizer/BioNTech шығарған Comirnaty.

Оны ДДСҰ мақұлдады. Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді тек олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының ерікті келісімімен ғана вакцинациялайды»,-делінген ресми өкіл таратқан мәліметте.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте