Ақмола облысында Есіл өзенінде 85 келіге жуық өлген балық жиналды
Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері балық шаруашылығы су айдындарында мониторинг жүргізу барысында Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуын тоқтату және алдағы уақытта оны болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді. Сонымен бірге мұз астында өлген балықтар жиналып, зертханалық зерттеуге жолданды, деп хабарлайды ҚР Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.
Зерттеу қорытындысы белгілі болған соң жарияланады. Болжам бойынша, балықтың қырылуы мұз астында оттегінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін.
Атап айтсақ, Ақмола облысы, Астрахан ауданының Новочеркасское ауылы маңындағы Есіл өзенінде 85 кг жуық өлген балық жиналды. Қазір ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесе сынама жұмыстары жүргізілуде. Қалған балық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жойылды.
Вам может быть интересно: «В авиакомпании KLM не смогли назвать сроки возобновления полетов на Украину»