Облыс әкімі «Қоғамдық қабылдау» тобының мүшелерімен кездесті

Мемлекет басшысының жергілікті биліктің халықпен кері байланысын нығайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында жаңа «Қоғамдық қабылдау» тобы құрылған болатын. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған топ мүшелерімен кездесті.

Кездесуде қоғамдық қабылдау тобының жетекшісі «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев атақарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Басқосуда өзге топ мүшелері орамды ойларын ортаға салып, маңызды жайттарды талқылға салды.

Айта кетейік, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, БАҚ, этномәдени бірлестік өкілдері, депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам белсенділерінен тұратын топ мүшелері түйінді түйткілдерді анықтау жолында жұмыс жасауда. Олар бүгінге дейін қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың ата-аналарымен, жақындарымен кездесіп, шағымдарын тыңдап, өтініштерін назарға алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

- Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев өз Жолдауында басты мақсат – азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беру екенін баса айтқан болатын. Билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана үйлесімді мемлекет құруға болады.
Барлық өтініштер назарға алынып, олар бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілу керек.
Біздің бірлескен күш-жігерімізбен өзекті мәселелерді жедел шешетін боламыз. Біздің ортақ мақсатымыз – халықтың билікке және жалпы мемлекетке деген сенімін арттыру, - деді облыс әкімі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте