Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ұстады.

Ғ.Ниязовқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте