Kaspi акционерлерінің бірі "Самұрық-Қазынаның" директорлар кеңесінен шықты
Kaspi Bank акционерлерінің бірі Вячеслав Ким "Самұрық-Қазына" мемлекеттік ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен шығу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik.
Ол қордың тәуелсіз директоры болды. Директорлар кеңесінен "өз еркімен" кетті, делінген Қазақстан қор биржасының сайтындағы хабарламада.
Енгізілген өзгерістерге байланысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінде енді алты адам болады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, қор басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Елбасының көмекшісі Данияр Ақышев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Вячеслав Ким Kaspi Bank акцияларының 24%-ін иеленіп отыр және директорлар кеңесінің мүшесі. Forbes.kz мәліметінше, 2021 жылы ол алғаш рет жаһандық миллиардерлер тізіміне енді – 925 орын.
Вам может быть интересно: «Қазақстан байлығының тең жартысы бар-жоғы 162 адамға тиесілі – Тоқаев»