Полиция «Оператор РОП» басшысының өліміне қатысты тергеу бастады

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті "ӨКМ операторы" ЖШС (Оператор РОП) басшыларының бірі Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik.

Есіл ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105 бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша тергеуді бастады.

Қазіргі күні тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алдын ала болжам бойынша ол өзіне қол жұмсаған.

2021 жылдан Шәмшиев компанияның құқықтық мәселелерімен айналысқан.

Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет", көліктік прокуратура және кеден органдарында қызмет етті.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстағанын жазған болатынбыз.

Олар жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді. БАҚ мәліметінше, Пірімқұлов пен Құмарғалиев елден кетуге оқталды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте