«ҚазМұнайГаз» компаниясының кеңсесінде тексеру жүріп жатыр – агенттік

 Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесіне тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Telegram-каналы.

«Бұдан бұрын хабарланғандай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын сататын ірі алты компанияға қатысты тергеуді бастады. «Қазмұнайгаз» АҚ, «Петросун» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГПЗ» ЖШС компаниялары ТМД аумағында көтерме саудада шикізат бағасын шектен тыс асырды деген күдікпен тексерілмек.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте