БАӘ Министрімен телефон арқылы сөйлесу туралы

Әмірлік тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында БАӘ Министрі әмірліктердің басшылығы мен халқы атынан Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайтынын жеткізді.

М.Тілеуберді Қазақстан басшылығының халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалыпты тіршілік әрекетін қалпына келтіру жөніндегі шаралары туралы хабардар етті.

Тараптар жоғары деңгейдегі саяси диалог пен тығыз байланыстарды қолдауға келісті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте