Алматы коммуналдық қызметтері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады

Мерекелік демалыс күндері қарсаңында қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді. 31 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында жауапты тұлғалардың, жедел және жөндеу персоналының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.


Мереке күндері қалалық шаруашылық объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданды.

«Алматы Су» МКК ауысымына су құбыры-кәріз кешенінің 24 апаттық бригадасы мереке күндері тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық өрт гидранттары қосымша тексерілді.

Ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою және мереке, демалыс күндері кезінде мүмкін болатын штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында «АлЖЖ» ЖШС апаттық қызметтің тұрақты дайындығын қамтамасыз етті.

Жылу желілеріндегі зақымдарды жою үшін 7 пайдалану ауданы, 4 жөндеу-құрылыс учаскесі қосымша жұмылдырылатын болады.

Кәсіпорынның барлық кезекші құрамы жұмысқа жоғары дайындық режимінде кірісті.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ кезекші бригадалардың тұрақты дайындығын қамтамасыз етті. Мереке күндері кезекшілікте 17 жедел-көшпелі бригада, сондай-ақ 3 дизельді жылжымалы электр станциясы болады. Барлық кезекші персонал жоғары дайындық режимі туралы танысып, нұсқаулықтан өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте