Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

 Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

1 қаңтарда Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Күндіз өңірдің солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

1 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында да тұман, көктайғақ.

1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте