Синоптиктер жаңа жылдың алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын болжады
Синоптиктер 1-3 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Жаңа жылдың басы қарлы болғанымен, күн жылынады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Sputnik.
Қазгидрометтің хабарлауынша, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
"Ақ теңіз аймағынан келетін солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның батысында жауын-шашын (негізінен қар) болуына ықпал етеді де, одан кейін шығыс бағытында және республиканың қалған бөлігіне қарай жылжиды. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада жел екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді деген болжам бар", - деп жазылған хабарламада.
Батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ, солтүстік және орталық аймақтарда бұрқасын болады. Жалпы республикада ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, аяздың беті қайтады.
3 қаңтарда солтүстікте ауа температурасы 10...18 градус нөлден төмен деңгейде, ал күндіз - 3-8 градус аяз болады.
Республиканың оңтүстік облыстарында сынап бағанасы түнде 0-5 градусқа дейін жетеді. Кей жерлерде 0...10 градус аяз, күндіз - 3...13 градус жылы болуы ықтимал.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »