ОСК: Бекболат Тілеухан өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш берді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату ұсынымын Мәжіліске жолдады, деп хабарлайды ОСК сайты.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», делінген хабарламада.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте