Қостанай облысында жалпы сомасы 350 млрд теңгеге және 1330-ға жуық жұмыс орнын құрумен 4 инвестициялық жоба іске асырылуда
Өңірдің түкпір-түкпірінен келген бизнес ханымдар "Достық үйінде" әйелдер кәсіпкерлігінің дамуын талқылау үшін жиналды. Кездесуге мәжілісмен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басшысы Ләззат Рамазанова қатысты.
"Достық үйінің" фойесінде форумға қатысушылар өздері өндіретін өнімдерді ұсына отырып, шағын көрме ұйымдастырды. Олардың қатарында тамақ, киім, зергерлік бұйымдар және әр түрлі декор элементтері болды. Ләззат Рамазанова бүгінде кәсіпкер әйелдердің арқасында Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің 42%-ы өндіріліп жатқанын, алайда, бұл көбінесе шағын бизнес саласында болып жатқанын атап өтті. Сондықтан белгілі мәжілісмен кәсіпкер әйелдердің өнеркәсіпке қатысу үлесін арттыруға дайын екенін мәлімдеді.
- Елдегі әйелдер кәсіпкерлік қоғамдастығының 70%-ы микро және шағын бизнесте қызмет етеді, - деді Ләззат Рамазанова. - Бүгінде іскер әйелдердің жаңа деңгейге көшуі және олардың бизнесінің табыстылығын арттыру мәселесі тұр. Біз бұл мәселемен келесі жылдан бастап еліміздің әрбір өңірінде жұмыс істей бастайтын ресурстық орталықтардың қызметі аясында айналысатын боламыз. Осылайша, кәсіпкер әйелдер бір көзден қолдау таба алады. Бұл қолдау консультациялық көмекке, менторингке, маркетингтік сүйемелдеуге және біздің бизнес-ханымдар өндіретін өнімді жаңа нарықтарға жылжытуға қатысты.
Форумға қатысушыларды Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов те құттықтады. Ол өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. Мәселен, биыл Halyk Bank-пен бірге іскер әйелдерге арналған арнайы несиелеу желісін іске қостық. Осы жоба аясында жеңілдетілген несие алуға 38 өтініш келіп түсті.
- Облыс кәсіпкерлерінің 45% - ы әйелдер, - деп мәлімдеді аймақ басшысының орынбасары. - Дәстүрлі түрде өтініштер сауда және қызмет көрсету салаларында ұсынылды. Біз бүгінде білім беру және денсаулық сақтау сияқты сұранысқа ие салалардың әлеуеті жоғары екенін көріп отырмыз. Бұл әрдайым жас ұрпаққа тәрбие беретін және бәрінің денсаулығына қамқорлық жасайтын әйелдер қауымына жақын салалар.
Сондай-ақ, диалог алаңында өз кәсібінде ерекше көзге түскен бизнес-ханымдарды марапаттау рәсімі өтті. "Еңбек жолы" шаруа қожалығын басқаратын Железин ауданының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жамал Рамазанова "Ару-ана бизнес-танылым" сыйлығына ие болды. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Алғыс хаты ұзақ жылдар құрылыс компаниясын басқарған, бүгінде өңірдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне белсенді қатысып келе жатқан Сандуғаш Қалижановаға тапсырылды. "Атамекен" ҰКП Төралқасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің алғыс хаттарымен жеке кәсіпкерлер Глюзя Алпысбаева мен Маржан Әлкеева, "Три Кота Ж" ЖШС директоры Анастасия Барт және консалтинг саласында жұмыс істейтін Жанар Ахметова марапатталды. "Сом-ПВ" ЖШС-ің басшысы Аурика Дяк "Атамекен" ҰКП алғыс хатымен марапатталды. Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттарымен бес кәсіпкер әйел, ал өңірдің іскер әйелдер кеңесінің алғыс хаттарымен 16 бизнес ханым марапатталды.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »