Қостанай облысында жалпы сомасы 350 млрд теңгеге және 1330-ға жуық жұмыс орнын құрумен 4 инвестициялық жоба іске асырылуда

Қостанай облысқа Бас директордың бірінші орынбасары - Компанияның атқарушы директоры Ю. И. Герасимов бастаған "КАМАЗ" ЖАҚ делегациясы келді.

Қостанай облысында "КАМАЗ" компаниясымен бірлесіп, жалпы сомасы 350 млрд.теңгеге және 1330-ға жуық жұмыс орнын құрумен 4 жоба іске асырылуда.

Біздің серіктестер шойын құю зауытының және жетекші көпірлердің негізгі берілістерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды. Сондай-ақ, жүк автомобильдерінің жетекші көпірінің арқалығын өндіруді тереңдетуге бағытталған үшінші жобаны іске асыру жоспарлануда.

Төртінші жоба көліктік-логистикалық қызмет көрсетуге, оның ішінде "КАМАЗ" зауыттарынан және облыстың машина жасау кәсіпорындарынан дайын өнімді тасымалдау үшін бағытталған.

2022 жылға қарай компанияның автопаркінде 250 бірлік техника болады, ал 2025 жылға қарай кәсіпорынның иелігінде 1500 жүк көлігі болады деп жоспарлануда. Осы мақсатта "КАМАЗ" жақ бірлесіп жаңа кәсіпорын – "AUTOCARGOKZ"ЖШС құрылды.

Құрылыс жұмыстарын тексеру барысында Архимед Мұхамбетов "КАМАЗ" компаниясының басшылығымен бірге өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, келесі жылға арналған жоспарларды талқылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте