Қазақстан жаңалықтар
22 декабря 2021, 21:12
28 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады
Қазгидрометтің синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнде – 2021 жылдың 23-25 желтоқсанында аяз болатынын ескертті.
"Қазір батыстан антициклон жылжып келеді. Ол елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасын төмендетеді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады деп болжанып отыр", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Оңтүстік облыстарға Өзбекстан аумағынан келген циклон әсер етеді. Ол жаңбыр алып келеді.
Айта кетері, бұған дейін солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болып, ауа температурасы көтерілді.
Вам может быть интересно: «Стали известны первые подробности о новых процессорах Apple»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes