Бұрқасын және көктайғақ – алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Sputnik - Синоптиктер алдағы үш күнде – 18-20 желтоқсан аралығында ауа райы құбылмалы болады деп болжады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ел аумағында жауын-шашын, негізінен қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ болып, тұман түседі, екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын соғуы мүмкін.

Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде -5°С...+2°С, күндіз -3°С...+5°С болады деп болжанып отыр.

Еліміздің солтүстік батысында сынап бағанасы түнде 0…-5°С, күндіз -3 ° C ... + 2 ° C көрсетеді.

Қазақстанның солтүстігінде және орталығында түнде -1... -13°, күндіз 0... -8° аяз болады.

Шығыста түнде ауа температурасы 0-ден ... -10 ° C дейін жоғарылайды. Күндіз де 0… -10°С аяз болады.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында түнде -5 ° C ... + 2 ° C, күндіз + 2 ... + 13 ° C жылы болады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте