Қазақстан мен Пәкістан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Пәкістан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Макдум Шах Махмуд Курешимен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

М.Тілеуберді Қазақстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету бойынша халықаралық күш-жігерге қосқан үлесін атап өтіп, ү.ж. 19 желтоқсанда Исламабадта Ауғанстан бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізудің өзектілігін атап өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте