Қазақстан халқы ертегілерінің қазақ тіліндегі жинағы жарық көрді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен балаларға арналған Қазақстан халқының ертегілер жинағы жарық көрді, деп хабарлайды аталмыш ведомоствоның Facebook-тағы парақшасы.

Еліміздің түрлі этностарының әдеби мұрасы ретінде «Қазақстан халқы ертегілері» кітабы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірге алғаш рет қазақ тілінде шығарылды.

Жинаққа Қазақстанның кәріс, неміс, шешен-ингуш, еврей, грек, мордва, литва, поляк және т.б. 25 ірі этностарының 114 халық ертегілері енді. Кітап жалпы таралымы 4 000 дана (әр бөлігі 2 000 данадан) екі томнан тұрады (4-7 және 8-11 жастағы балаларға арналған).

Мақсатты аудиторияны және жинақ мазмұнының сәйкестігін анықтау үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында сараптама жүргізілді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте