Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, Sputnik деп хабарлайды.
Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз", – делінген жеделхатта.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes