Мақат ауданы Доссор кентінің айналма жолының құрылысы аяқталды

Атырау облысының транзиттік әлеуетін дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мақат ауданы Доссор кентінің айналма жолының құрылысы аяқталды.

Айналма жол Республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға)" және "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты" жолдарын Доссор кентін айналып өтіп, байланыстырады. Бұл үлкен жүкті транзиттік машиналардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді.

Экономикалық құрамдастармен қатар, нысанның оң әлеуметтік әсері бар: ауылішілік жолдарға, елді мекеннің қоршаған ортасына жүктемені және Доссор кенті ішіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін төмендетеді.

ҚР ИИДМ өкілдерінің, жергілікті атқарушы органдардың және аудан тұрғындарының қатысуымен трассаның ресми ашылуы өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте