«Көшбасшылық. Тұрақтылық. Өрлеу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
10 желтоқсанда Назарбаев орталығында (Нұр-Сұлтан қ.) «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Өрлеу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет ретінде құрылуының табысты тәжірибесі және Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасуындағы тарихи рөлі халықаралық ғылыми-практикалық конференциянында талқыланған басты мәселелеріне айналды.
Конференция Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған бағдарламадағы негізгі іс-шаралардың бірі. Оған танымал халықаралық саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметтестері қатысты.
Конференция аясында өткен «Тәуелсіздіктің бағдары мен белестері» пленарлық отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин құттықтау сөз сөйлеп, Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы тәуелсіздік таңында әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз еткенін, содан кейін Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі өрлеуі мен серпінді дамуының негізі болғанын атап өтті.
«Тұтастай алғанда, тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік институттар, ішкі және сыртқы саясатты тиімді жүзеге асыру-осының бәрі бүгінгі Қазақстанның табысты дамуы үшін берік іргетасқа айналды», - деді Парламент Мәжілісінің спикері.
Н.Нығматулиннің айтуынша, қазіргі Қазақстан өзінің 30 жылдық прогресінің жетістіктері мен табыстарына сүйене отырып, төртінші онжылдықтың басты мақсаттарын қуатты мемлекет және бәсекеге қабілетті ұлт ретінде көреді. «Бұл үшін біз ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси-экономикалық реформаларды және қоғамдық сананы жаңғырту процесін жүргізуді жалғастырамыз, уақыт сын-қатерлеріне бейімделген сапалы жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастырамыз», - деді ол.
Өз кезегінде, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы төрағасының бірінші орынбасары Александр Жуков Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясымен көпжақты достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікті нығайтудағы рөлі мен маңыздылығына егжей-тегжейлі тоқталды. Оның пікірінше, «Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы ретінде Елбасы еуразиялық интеграция тетіктерін жетілдіру, оны басқа интеграциялық бастамалармен ұштастыру жолында қажырлы еңбегін жалғастыруда. «Біз қазақстандық достардың жетістіктерін құптайтынымызды атап өткім келеді. Одақтастық қатынастарды нығайту мен дамыту, стратегиялық әріптестік пен Қазақстанмен интеграциялық байланыстарды тереңдету бағытын берік ұстануды жалғастырамыз», - деп атап өтті спикер.
ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасуы жағдайындағы құқықтық жүйенің дамуының негізгі кезеңдері туралы айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстанның құқықтық жүйесі қалыптасуының бастапқы кезеңінде іс жүзінде құқықтық вакуум жағдайында болған. Шындықтың жаңа тарихы өзінің ұлттық құқығын қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселені барынша өткір қойды. Реформалар халықаралық құқық нормаларын ескере отырып, Қазақстанда ұлттық құқықтық жүйенің негізін қалауға көмектесті.
Сондай-ақ Қ.Мәми Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына, атап айтқанда, саяси реформаларға тоқталды.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »