Үндістанда ақпараттық технологиялар саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы ақпараттық технологиялар және электронды өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту бйынша B2B онлайн сессиясын ашты.
Елші Үндістанның ІТ және электронды өнеркәсіп нарығын дамытудағы жоғары жетістіктерін атап, үнді компанияларды қазақстандық кәсіпорындармен белсенді ынтымақтастыққа шақырды.
Үндістандағы Kazakh Invest өкілі Олжас Әліпбаев үнді компаниялардың үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
Іс-шараға Қазақстан тарапынан мемлекеттік уәкілетті органдардан басқа, IT және электроника саласындағы қазақстандық жеке компаниялар қатысты. Үндістандық тараптан IT және электроника салалары, сондай-ақ NASSCOM және IEEMA сияқты коммерциялық емес бірлестіктер ұсынылды.
Сессия Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Kazakh Invest» АҚ және Astana IT Hub-пен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазақстандық компаниялар Үндістан бизнесіне IT және электроника өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық бойынша өз жобалары мен ұсыныстарын ұсынды.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »