ТЖМ авиациясының құрамын тағы 10 жас құтқарушы-ұшқыш толықтырды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиациялық құтқару бөлімшесінде 10 құтқарушы екінші ұшқыш ретінде дербес ұшуға кірісті.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» қызметінің баспасөз қызметі.
Тұрысбекова Бибихан, Жәнібек Ерасыл, Сәбитов Темірболат, Бисенбеков Жарас, Қуанышұлы Нұрдәулет және Базарбаев Әлішер қызметке кірісу бағдарламасынан өтті. Ұшқыштар ұшуға жіберіліп, ресейлік Ми-8Т әуе кемелері экипаждарының құрамында тікелей жұмыстар жүргізе бастады.
Сондай-ақ, 4 құтқарушы ұшқыш Eurocopter шығарған батыс тікұшақтарында арнайы операцияларға қатысады. Олардың қатарында Ахметов Расулбек, Нұрғалиева Назель, Бақтыбай Елдос және Түгізбаев Бисенғали бар.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»