Қорғаныс министрі әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтады

ҚР Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатында ерекше көзге түскен қазақстандық чемпиондар мен жүлдегерлерді құттықтады, деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

"Сіздерді Сербияның Белград қаласында өткен Әлем чемпионатындағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның абыройын асқақтатып, Қарулы Күштердің беделін арттыруға үлес қостыңыздар.

Әлем чемпионатында әскер спортының атынан үш бірдей медаль алу – жоғары нәтиже. Әлемнің мықтылары сыналған шаршы алаңда ел намысын лайықты қорғадыңыздар.

Беделі әлемдік бәсекеде туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалды.

Сіздерді жеңіспен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, ел игілігі жолында талай белестерді бағындыра берулеріңізді тілеймін!"

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов.

Естеріңізге сала кетсек, бокстан әлем чемпионатында өз салмағында алтын алғандар - армиялық Теміртас Жүсіпов пен кіші сержант Сәкен Бибосынов. Орталық спорт клубының мерзімді әскери қызметтегі қатардағы жауынгері Махмұд Сабырхан күміс олжалады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте