Ұтысқа тіккен: сарбаздардың атына несие рәсімдеген әскери қызметші сотталды
Sputnik - Семей гарнизонының әскери соты сарбаздарының атына несие рәсімдеген әскери қызметшіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлады аймақтық yk-news.kz сайты.
Аягөз қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде рота командирі қызметін атқарған ол қатардағы жауынгерлердің атына несие рәсімдеген. Несиені мобильдік телефон арқылы онлайн микроқаржылық ұйымдардан алған.
Алынған несиенің жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асады.
Сонымен қатар 17 сарбаздың 100 мың теңге айлығын да қалтасына басқан.
"Заңсыз жолмен тапқан қаражаттың барлығын әскери қызметші букмекерлік кеңседе ұтысқа қойған", - деп хабарлады аймақтық әскери тергеу басқармасы.
Ол үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»