Волонтерлері елорда тұрғындарына кибер-алаяқтық пен есірткіге қарсы бағытталған 5000 буклет таратты
"Астана жастары" ЖРО волонтерлері елорда тұрғындарына кибер-алаяқтық пен есірткіге қарсы бағытталған 5000 буклет таратты. Акцияға колледждердің 50 студенті қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Бүгін біз нашақорлық пен кибер-алаяқтыққа қарсы түрлі сипаттағы пайдалы профилактикалық ақпараты бар 5000 буклет таратуды жоспарлап отырмыз", - деді ерікті Дамир Айтымов.
Оның айтуынша, еріктілер қаланың 8 нүктесінде буклеттер таратты. Ол - «Артем» СО, «Шапағат» СО, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, вокзал ауданы, Орталық жағалау, «Рахмет» СО, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті., «Азия Парк» СОСО және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аумақтары.
"Біз "Алматы", "Сарыарқа", "Есіл" аудандарының аумақтарын қамтыдық. Еріктілердің арқасында елорда тұрғындарына алаяқтардан сақ болу керектігін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, адамдар неғұрлым көп хабардар болса, соғұрлым азаматтар салауатты өмір салтын ұстанып, қолдау көрсете бастайды", - деп сөзін қорытындылады Айтымов.
Қалалық волонтерлер штабы Жастар саясаты мәселелері басқармасымен және Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бірлесіп ұйымдастырған акцияға колледждердің 50 студенті қатысты.
Жыл соңына дейін тағы 50000 буклет тарату жоспарланып отыр.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»