Венадағы «Штадкино» (Stadtkino) кинотеатрында Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі «Ш. Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ қолдауымен Қазақстан киносының күндерін өткізді. Фильмдердің көрсетілуіне дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, сондай-ақ көрнекті қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай өткізілген кинокөрсетілімде жергілікті көрермендерге отандық кинематографтың екі танымал туындысы – Ақан Сатаевтың «Томирис» және Джефф Весптің шетелдік айналымда «Париж әні» ретінде танымал «Әміре» фильмдері ұсынылды.
Көрсетілімді ашқан Қазақстан Елшісі Қайрат Омаров еліміздің қалыптасуындағы ең маңызды тарихи сәттерді бейнелеген, кейіннен қазіргі заманғы мемлекеттілікті құрудың кілті болған фильмдердің тарихы туралы айтып берді.
«Томирис фильмін көргенге дейін қазақ киносымен таныс емес едім. Жағымды жағынан таң қалдырды. Сюжет тартымды, актерлер рөлдерді жоғары деңгейде ойнап, фильм үлкен қызығушылық туғызды. Браво!» – деп өз пікірімен саяхат, табиғат және әлемдік мәдениет тақырыптарына арналған «Arcadia TV» телеарнасының бас директоры Роланд Баумгартнер бөлісті.
«Қазақ киносы күндері – бұл Қазақстанның тарихы мен мәдениетін бағалау үшін әріптестермен және достармен бас қосудың тамаша мүмкіндігі. Әсіресе, «Париж әні» (Әміре) ұнады. Әміре Қашаубаевтың дауысының архивтік дыбыс жазбалары осы толықметражды фильм арқылы әлемдік аудиторияға қолжетімді болғаны керемет» - деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Венадағы кеңсесінен Венди О'Брайен.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»