Нұр-Сұлтанда "Energy" HCTC жаңа құзыреттілік орталығы ашылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан астанасында жаңа "ENERGY" HCTC құзыреттілік орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Орталық Мемлекет басшысының Жолдауының міндеттеріне сәйкес және техникалық, кәсіптік білім беруді жаңғырту аясында - Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және коммуникация жоғары колледжінің базасында "Жас маман" жобасын іске асыру аясында ашылды.

"Заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу кабинеттері еліміздің әлеуетін арттыратын сапалы кадрлар даярлауда, сондай - ақ колледж мәртебесін арттыруда үлкен рөл атқаратыны анық",-деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанова барлық қатысушыларды "ENERGY" орталығының салтанатты ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде ол "Жас маман" жобасының мақсаты колледждердің материалдық базасын жаңғырту және жаңарту, сондай-ақ білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылатынын атап өтті. Осы құзыреттілік орталығының ашылуы білім беру сапасын едәуір жақсартады, бұл колледж мәртебесін және жұмыс берушілер тарапынан түлектердің сұранысын арттырады, кадрларды даярлауды, сондай-ақ WorldSkills кәсіби шеберлік конкурстарына қатысушыларды даярлауды жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Құрметті қонақтардың жылы лебіздерінен кейін "ENERGY" HCTC құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты өтті. Қонақтар мен әлеуметтік серіктестер заманауи жабдықтармен және аппаратурамен танысты.

"Жас Маман" жобасы шеңберінде халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру үшін шетелдік әріптестер тартылатын болады.

Құзыреттілік орталығы нақты өндірістік үдеріске барынша жақындатылған инновациялық жабдықтармен жабдықталған. Тәжірибеге бағытталған жабдық төрт кешеннен тұрады. Бұл компьютерлік тренажерлер, автоматтандырылған оқу курстары, оқу зертханалары және электр машиналарының стендтері. Сондай-ақ, орталықта соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақтандырылған 4 зертхана жұмыс істейді.

Бірегей тренажерлардың бірі "Қазақстан Темір Жолы" АҚ энергетикалық саласында пайдаланылатын нақты өндірістік объектіні негізге ала отырып, Мәскеу қ. "Электр станциялары мен желілерінің тренажеры" ТЭСТ АҚ әзірлеген тартымдық қосалқы станцияның тренажері болып табылады.

Әзірлеушілерге барлық бастапқы деректер берілді (мысалы: электр жабдықтарының түрлері, желі параметрлері, тарту қосалқы станциясының процестері мен жұмыс жағдайлары). Бұл тренажер энергия объектісінің барлық пайдалану персоналын (жедел, қызмет көрсететін және жөндейтін) оқытуға мүмкіндік береді, осы қосалқы станцияда жұмыс істейтін жедел персоналды даярлаудың/қайта даярлаудың әртүрлі деңгейіне бейімделген. Тренажер қолданыстағы тартымдық қосалқы станцияға ұқсас болғандықтан, оқытылған персонал жұмысқа толық дайын.

Бұл тренажерлар персоналдың штаттық режимді жоспарлау дағдыларын игеруіне және жабдықтың істен шығуы кезінде стандартты емес жағдайларда жылдам әрекет етуге арналған (яғни, штаттық және апаттық жағдайларда сапалы жұмыс істей білу).

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте