Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Түркістанда өтіп жатқан ÁMEN кинофестивалінде (ÁMEN International Animation film festival) «Қазақфильм» киностудиясы жанынан Қазақ анимация шығармашылық бірлестігі жұмысын бастайтынын мәлімдеді.
– Анимация өнері арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу – ұлттық «Рухани жаңғыру» жобасының маңызды міндеттерінің бірі. Өздеріңізге мәлім, алғашқы қазақ мульттуындысының жарық көргеніне биыл 54 жыл толды.
Осы уақыт ішінде ұлттық анимацияның жеткен жетістігі де, көтерілген биігі де аз емес. Ең бастысы, талай таланттар өсіп, ұлттық мектеп қалыптасты. Десе де, заман көші ілгері кетуде. Оған ілесу үшін біздің елімізде барлық мүмкіндік бар,– деп атап өтті вице-министр.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»