Қазақстандық, әлемнің 104-ракеткасы Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген З.Дияс жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған бразилиялық Майя Хаддад Беатриспен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 43 минутқа созылған матчта 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
З.Дияс финалда әлемнің 78-інші, осы доданың 1-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен бас жүлдені сарапқа салады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шыққанын, қазақстандық теннисшінің елордадағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»