«Ақсу» футбол клубы Қазақстанның премьер-лигасына шықты

Жергілікті футбол клубы Ақсу қаласының 60-жылдығына орай Павлодар облысының барлық тұрғындарына керемет сыйлық жасады. Аяқдопшылар Көкшетаудың «Оқжетпес» клубын ойсырата ұтып, Қазақстан премьер-лигасының келесі маусымына жолдама алды.

XXI турдың ойыны Павлодар қаласының орталық стадионында өтті. Есеп матчтің 18-минутында «Ақсу» Мирас Тұрлыбектің он бір метрлік белгіден соққан добымен ашылды. Көкшетаулық футболшылар екінші таймда есепті теңестірді. Қонақтардың сапындағы белсенді ойыншы Руслан Болов 57-ші минутта соғылған екінші голдың авторы атанды. 69-шы минутта «Ақсу» тағы да алға шықты. Сыртқа шыққан допты алаңға енгізу кезінде жартылай қорғаушы Демият Сламбеков сәтті ойнады. 76-шы минутта Анатолий Красотин ақсулықтардың басымдығын бекітіп, есепті 3:1-ге жеткізді.

«Окжетпес»-ті жеңгеннен кейін «Ақсу» футбол клубы 47 ұпаймен еліміздің бірінші дивизионындағы алдыңғы орнын сақтап қалды. Осылайша, Павлодар облысының командасы келесі маусымда Қазақстанның премьер-лигасында ойнайтын болады.

Бірінші лиганың соңғы турында «Ақсу» қонақта «Тараз-Қаратау» клубымен ойнайды. Матч 29-қазан күні өтеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте