Вице-министр К.Ойшыбаев Түркияның ірі медиахолдингі «TRT» басшысымен кездесті

Түркі кеңесі медиафорумының жұмысы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Түркияның ірі мемлекеттік медиахолдингі «TRT» басшысы Мехмет Собаджимен кездесті.

Кемелбек Ойшыбаев медиа саласы мамандарын оқытуды ұйымдастыру және бірлескен контент құру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне назар аударды.

Өз кезегінде М.Собаджи «Қорқыт Ата» телесериалын түсіруді ұйымдастыру бойынша бірлескен жоба құруды толық зерделеуге дайын екенін білдірді. Ол бірлескен контентті құру Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдени байланыстарын дамытуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте