Елорда әкімдігінің құрамасы мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрама командасы "Самғау" әуесқой футбол клубы базасында "QAZAQSTAN QYZMET CUP" мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор компанияларының қызметкерлері арасында шағын футбол бойынша турнирдің чемпионы атанды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
"QAZAQSTAN QYZMET CUP" турнирінің мақсаты – спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстану. Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы шағын футболдан чемпионатқа 20-дан астам команда қатысты. Турнир матчтары кешкі уақытта өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударды. Елорда әкімдігі соңғы екі жылда 400-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырды, онда қала тұрғындары таза ауада уақыт өткізіп, спортпен шұғылдана алады.
Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін қолдау; дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, үстел теннисі орталығын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, аула клубтарының және т. б. саны артып келеді.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»