Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 9 мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары қаланың кәсіпкерлік нысандарында карантин талаптары бұзылғанын анықтай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

15 қазан күні 9 елордалық мекеме шектеу және карантин шараларын бұзды.

Алматы ауданында «Лапша» мейрамханасы, «Киш миш», «Gentles» кафелері, «Мармелад» лаундж-бары белгіленген жұмыс режимін сақтаған жоқ.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Барвиха» лаундж-барында, «Oina» ойын клубында, «Рыба моей мечты» караокесінде карантин шаралары бұзылды.

Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар тізіміне Есіл ауданындағы «Garage» мейрамханалық кешені мен «Inforno» рестобары енді.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға жіберілді.

Айта кету керек, індет көрсеткішінің азайғанына қарамастан, коронавирустан қорғанудың жалғыз, тиімді амалы вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтау болып саналады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте