Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті

Үкімет мемлекеттік органдар әзірлеген ұлттық даму жобаларын қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент ұлттық жобаларды 24 қыркүйекте Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте мақұлдаған болатын.

«Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берді. Ұлттық жобалар Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспарын және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленді», - деді премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында.

Ұлттық жобалардың басым міндеттері - экономика тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі күшейту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Маминнің айтуынша, ұлттық жобаларды бюджет қаражаты мен жеке инвестиция есебінен қаржыландыру көзделген.

Үкімет бекіткен ұлттық жобалар:

Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу;
Кәсіпкерлікті дамыту;

Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері;

2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба;

Жасыл Қазақстан;

Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс;

«Білімді ұлт» сапалы білім беру;

«Саламатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау;

Ұлттық рухани жаңғыру.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте