Дархан Қыдырәлі Моңғолияның «Темірқазық» орденімен марапатталды
алықаралық Түркі академиясына Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг бастаған делегация арнайы келіп, Академия жұмысымен танысты, деп хабарлайды академияның ресми сайты.
Алқалы кездесуге Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг, Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулга, Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігінің Азия, Тынық мұхит елдері департаменті директоры Эрдэнэцогтын Сарантогос, Моңғолия Парламентінің депутаттары Төмөртоогоогийн Энхтүвшин және Тілеухан Әубәкір қатысты.
Жиын барысында Түркі академиясы шығарған бірқатар кітаптардың таныстырылымы өтті.
Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг тамырлас елдердің ортақ құндылықтарын зерттеп, халықтардың бауырластығын бекемдеуде Академияның еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Сонымен қатар, Академия басшысы Дархан Қыдырәліге Моңғолия Президентінің Жарлығымен берілген Моңғолия мемлекетінің жоғарғы марапаты ‒ «Темірқазық» орденін тапсырды.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»