2021 жылғы 8 қазанда №603 «Арқалық - Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызы Арқалық станциясынан жөнелтілгеннен кейін ер адам пойыз бригадасының қызметкерлеріне зайыбының толғағы келіп қалғанын хабарлаған.
Төрехан Әбдірайымов бастаған пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекетке көшіп, келесі станцияға жедел жәрдем шақырылды. Темір жолда 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, оның ішінде 3 жылдан бері пойыз бастығы Т.Әбдірайымов мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр екен.
Дәрігерлер келгенге дейін теміржолшылар әйелді босануға дайындай бастады. Жолсеріктер Ирина Андреева мен Жаңыл Баталова жолаушылар арасынан табылған дәрігерлер Светлана Аяпова (зейнеттегі акушер-гинеколог) және Гаухар Қойшығұлованың (емдеу ұйымының басшысы) нұсқауымен әрекет жасады. Жүкті әйелді аман-есен босандыру үшін вагонда барлық қажетті жағдайлар жасалды және біраз уақыттан дүниеге қыз бала келді.
Пойыз Державинск бекетіне жеткеннен кейін жас ана Нұрайлым Құрманалы мен оның шақалағын жолсеріктер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
"ҚТЖ" ҰК " АҚ Нұрайлымды нәрестелі болуымен құттықтайды және оған зор денсаулық тілейді!
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»