Алматыда троллейбус жүргізушісі екі баланы қағып кетті

Sputnik - Алматыда Абай – Брусиловский көшелерінің қиылысында екі баланы троллейбус қағып кетті.

Жүргізуші мен оқиға куәгерлерінің айтуынша, №5 троллейбус Абай даңғылымен келе жатқан. Сол жердегі кептелісті пайдаланғысы келген балалар бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолға шығып кеткен.

Брусиловский көшесінен өткеннен кейін жүргізуші алдынан атып шыққан оларды кеш көреді: тежегішті басқанымен, троллейбус тоқтай алмай, екі баланы соғады.

Жол апаты салдарынан 2008 және 2009 жылы туған екі бала түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізіледі.

Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте