Қазақстан жаңалықтар
27 сентября 2021, 10:32
Гандболдан ҚР әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды
- Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салды. Маңызды кездесу 38:33 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен жеңілген болатын.
Финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесіп, 33:24 есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes