Тәшенов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Тәшенов көшесі мен қиылысында жол жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Осыған байланысты осы жылдың 25 қыркүйегінен бастап 27 қыркүйегіне дейін жоғарыда көрсетілген қиылыста көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте