Қазақстандағы Еуропалық Одақтың жаңа Елшісі Кестутис Янкаускас Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды

8 қыркүйек жұлдызында Елші Кестутис Янкаускас Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын табыс етіп, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі қызметіне ресми түрде кірісті.

Сенім грамоталарын тапсыру ресми рәсімі мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін Елші Кестутис Янкаускас БАҚ өкілдеріне келесі сөз жолдады:

“Қазақстан –Еуропалық Одақтың құнды серіктесі және маңызды жаһандық әрі аймақтық үдерістердің қатысушысы. ЕО-Қазақстанның ең ірі инвесторы және сауда әріптесі. ЕО-Қазақстан арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім өмірдің барлық аспектілерін қамтитын 29 салаларда біздің қарым-қатынасты одан әрі дамытуға негіз береді. ЕО Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды, оның демократияландыру үдерісі, сондай -ақ тұрақтылық, инклюзивті қоғамдарды, экономикалық өсімді және адами капиталға инвестицияларды қамтамасыз ету үшін құрылымдық реформаларды қолдауға міндеттенеді. Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегіден арылу міндетін құптай отырып, Еуроодақ Орталық Азияның басқа елдерін бірдей өршіл болуға ынталандыру жолдарын іздейді. Мен ЕО-Қазақстан қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға үлес қосуға міндеттенемін”.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте