Сағынтаев: Алматыдағы эпидемиялық ахуал тұрақталды

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирі барысында коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы хабарлады.

Б. Сағынтаевтың мәліметінше, Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тәуліктік өсімнің 1,0%-дан 0,7%-ға дейін тұрақты төмендеуімен тұрақталды. Алайда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала қызыл аймақта болуын жалғастыруда.

Қала тұрғындары арасында ПТР зерттеулерінің оң нәтижелерінің саны төмендеуде. Егер 26 тамызда 1561 болса, ал 7 қыркүйекте — 911. Сәйкесінше, R саны (жұқтыру индексі) 1,02-ден 0,86-ға дейін төмендеуін жалғастыруда. «Симптомды» науқастардың үлесі артуда, 7 қыркүйекте 95,7%-ды құрады, бұл COVID-19 британдық нұсқасын үнді нұсқасының ығыстыруын көрсетеді.

Соңғы 2 аптаның ішінде науқастардың жас құрамына салыстырмалы талдау 20-39 жас аралығындағы азаматтарды қоспағанда, барлық жастағы инфекциялар үлесінің өскенін көрсетті. Көбінесе КВИ жұқтыру 20-39 жас аралығындағы қала тұрғындары арасында (18,6%), 40-59 жастағылар арасында (23,8%) және 60 жастан асқан қарт адамдар арасында 25%-ды құрайды.

Жұмыспен қамту тұрғысынан сырқаттанушылық құрылымы алдыңғы аптаға қарағанда өзгерген жоқ. Өткен 7 күн ішінде КВИ дерті әлі де өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыс жасамайтындар арасында басым — 36,6%, зейнеткерлер арасында — 23,2%, түрлі ЖШС қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, АҚ арасында — 16,8%, мектеп оқушылары арасында — 9% және мектепке дейінгі балалар арасында — 6,4%.

8 қыркүйектегі жағдай бойынша қалада 154 763 коронавирус инфекциясы тіркелді, оның ішінде 132 796 жағдай симптомды және 21 967 — симптомсыз, анықталмаған пневмония — 2275. 7 қыркүйекте бір тәулікте 911 коронавирус инфекциясының жағдайы тіркелді, оның 872-сі симптомды жағдай. анықталмаған пневмония — 12.

Инфекциялық стационарларда жалпы сыйымдылығы 7705 төсек орын бар, бұларда 3754 адам емделуде, оның ішінде 116 бала. 184 науқас өте ауыр жағдайда, 1534 ауыр жағдайда, 2033 орташа және 3 жеңіл дәрежеде. РИТ бөлімінде барлығы 339 науқас бар. ӨЖЖ аппаратында — 58, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында — 137, High flow аппаратында — 168 .

8 қыркүйектегі жағдай бойынша бірінші компонентпен 4184 адам, екінші компонентпен 6455 адам егілді.1 ақпаннан 7 қыркүйекке дейінгі барлық кезеңде 895 959 адам I компонентті, 773 814 адам II компонентті алды. 60 жастан асқандар егілгендердің жалпы санынан 114 440 адамды құрайды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте