Аза тұту күні: тараздықтар өрт сөндіру бөліміне гүл апарып жатыр

Sputnik - Тараз тұрғындары Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза болғандарды еске алды.

Сурет ВТВС Tеlegram-каналында жарияланды.

"Адамдар аза тұту күні қаза тапқандар қызмет еткен екінші шағын аудандағы өрт сөндіру бөлімінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр", - деп жазылған фото астында.
Өрт сөндіру бөлімінің маңына үстелдер қойылған, ол жерде ерлікпен көз жұмған бес адамның суреті тұр. Олардың арасында:

Темірболатов Арнұр Серікұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары).
Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Айманов Мейіржан Қақпасынұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары.

Соңғы мәлімет бойынша Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 13 адам қаза тапты. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар. Тағы үш адам іздестіріліп жатыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте