Пешті пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан улы газбен уланудан 5 жағдай орын алды

Өткен тәулікте республика аумағында жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен 8 адам улы газбен уланып, 2 адам жылыту қазандығының жарылуынан түрлі жарақат алды, ҚР ТЖМ хабарлайды. 

Мәселен, Алматы қ, Алатау ауданындағы Шаңырақ-1 ш.а. жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пешінен газдың шығуы салдарынан 2016, 2017, 2020 жылы туған балалар уланып, ауруханаға жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықта.

Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың улы газбен улануының 2 жағдайы тіркелді. Аягөз ауданы Аягөз қаласында бір қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйдің № 3 пәтерінде қатты отынмен жылытатын пешпен жылытудың ақаулығынан 1952 жылы туған ер адам мен 1955 жылы туған әйел адам улы газбен уланған. Ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиға күйеден тазартылмаған мұржаның салдарынан болды.

Екінші жағдай Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласында орын алды. бір қабатты бес пәтерлі тұрғын үйдің №5 пәтерінде қатты отынмен жылытылатын пеш ақаулығы салдарынан 1976 жылы туған үй иесі улы газбен уланып қалды. Ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Ақаулықтың себебі – тазаланбаған түтін.

Тағы бір оқиға Ақтөбеде тіркелді. «АЗФ-9» саяжай ұжымында 2007 және 2011 жылы туған балалар қатты отынмен жылытатын пешпен жылытудың жарамсыздығынан саяжай тұрғын үйінде улы газбен уланған. Орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиға күйеден тазартылмаған мұржаның салдарынан болды.

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінде жеке тұрғын үйде жылыту қазандығының жарылуы орын алды, содан кейін қатты отынмен жылыту пеші мен жалпы ауданы 2 ш.м. үйдің қабырғалары ішінара қирады, жану болған жоқ. Күйік пен жарақатпен 1963 жылы туған қожайын мен 1985 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды. Жарылыстың алдын - ала себебі-қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану ережелерін бұзушылық. Қазандықта су болмаған.

Тұрғын үйлерде улы газбен уланудан адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында ТЖМ азаматтарға пешпен жылытуды ретке келтірумен қатар, оны пайдалану ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды ұсынады:

- міндетті түрде 3 айда мұржаны тазалауды кемінде бір рет және тартылыс нашарлаған кезде дереу жүргізіңіз ;
- жапқыштың жағдайына назар аударыңыз, өйткені түтін каналының қабаттасуы көмірқышқыл газымен улануға әкелуі мүмкін;
- пешті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе оны бақылау үшін балаларға сенім артпаңыз;
- пештің үстінде және оған жақын жерде отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді;
- пештерді тұтату үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте