Венада Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды
Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында тақырыптық көрме ашылды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметіне хабарлайды.
Онда бірегей фотосуреттер, тарихи құжаттардың, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығының, көшірмелері, сонымен қатар аталған тақырып бойынша балалардың суреттері ұсынылған.
Көрмеде полигонның қызметіне және жабылуына қатысты бейнероликтер мен сирек кездесетін фотосуреттер, сонымен бірге полигон тарихын егжей-тегжейлі баяндайтын британдық режиссер Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» атты деректі фильмі көрсетілуде.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»