Жаңа мектеп-жаңа оқу жылына дайын

ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Павел Казанцев пен Мәжіліс депутаты Бауыржан Сартбаев «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында салынған 1200 орындық мектептің дайындығымен танысты.

Бұл мектеп өз жұмысын жаңа оқу жылынан бастайды. 2020 жылдың қаңтар айында басталған мектеп құрылысы қазіргі уақытта 95% дайын. Мектеп басшылығының айтуынша, тамыз айының соңына дейін барлық пәндік сыныптар толық жабдықталады.

Вице-спикер өз сөзінде балаларға инклюзивті білімге айрықша көңіл бөлу керектігіне баса назар аударып, бұл мәселеге заң деңгейінде қор қолдау көрсетілгендігін айтып, жалпы мектеп құрылысы кезінде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін жағдайды жоба деңгейінде ескеру қажеттігіне тоқталды.

Кездесу барысында Мәжілісте қабылданған басқа да заңнамалық құжаттар мен білім-ғылым саласы қолдау шаралары туралы кең көлемде әңгіме өрбіді.
 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте