Жыл басынан 1 млн теңгеден аса соманың жалған ақша жасау фактісі анықталған

Биылғы алты айда 1 млн теңгеден астам сомаға қолдан жасалған 336 ақша белгісі анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Былтыр осы кезеңде осындай 390 банкнот айналымнан алынған болатын.

Көп жағдайда номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік купюралар қолдан жасалады – олардың жалпы үлесі 65% және 19%. Қалған 16%-ы басқа номиналдағы банкноттар мен монеталарға тиесілі. Жалған ақшалардың көп бөлігі Алматы (228) мен Нұр-Сұлтанда (43) анықталды», - делінген банктің хабарламасында.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте