Қазақстан жаңалықтар
12 июля 2021, 12:13
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасына бірқатар міндет жүктеді
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.
Сонымен қатар Президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді.
Вам может быть интересно: «Ақтөбелік шаруалар Маңғыстауға мал азығын тегін бермек»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes