Алматыда 34 бағдаршам нысаны орнатылады. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн- таныстырылым барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қауіпсіз, қолжетімді әрі жайлы көше инфрақұрылымын құруға тырысамыз. Негізгі басымдық – жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі. Осы бағдарлама аясында 2020 жылы 316 учаскенің жолына жасанды қисық төсемдер орнатылды. Сондай-ақ 120 мектептің алдына18 трапеция тәрізді өткелдер қойылды. 15 бағдаршам орнаттық, 115 жаңа реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталды, 10 қауіпсіздік аралы ұйымдастырылды. Биыл да бұл бағдарлама жалғасын тапты. Сондай-ақ 34 бағдаршам нысаны орнатылады», - дейді Алматы әкімі.
Сонымен қатар, ол былтыр «Сергек» камераларының саны 464 кешенде 2 мыңнан астам бірлікке жеткізілгенін атап өтті.
«Камералар өздерінің тиімділігін көрсетті: жолдардағы өлім-жітім 48%-ға, жазатайым оқиғалар саны 29%-ға азайды. Өткен жылы камералардың көмегімен 900 мың құқық бұзушылық анықталды. 2021 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 600 мыңнан астам бұзушылықтар тіркелді. Жүйе қылмыстық құқық бұзушылықтарды шешуде белсенді қолданылады. Осылайша, «Сергек» камераларының көмегімен 50-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық ашылды. Биыл «Сергек» жобасын 766 кешенге, қиылыстары мен сызықтық учаскелерінде әрқайсысы 383 кешенге, жалпы саны 5 мыңнан астам камераға дейін кеңейту жоспарланып отыр», - деді әкім.
Вам может быть интересно: «Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәжірибесі Ташкенттегі ЭЫҰ отырысында ұсынылды»